Адвокат пен заң консультанттының іс-әрекеттеріне арыз-шағымығыз болса…

27

Уақыт өткен сайын қоғамда адвокаттар мен заң консультанттарының рөлі артып келеді. Себебі, өркениетті қоғамда заңның мәртебесі қашан да жоғары. Заңгер мамандардың қызметіне сұраныс артқан сайын олардығ іс-әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар да туындайтыны анық.

Адвокат бұл жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға

лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан

Республиткасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» Заңымен регламенттелетін

адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан

Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Адвокат көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып тұрған кез

келген заң көмегiн көрсетуге құқылы. Адвокат қорғаушы немесе өкiл ретiнде заң

көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн

құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге

де органдар мен ұйымдарда қорғауға және бiлдiруге, барлық мемлекеттiк

органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан

адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға,

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және

шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға

және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға, процестік

құжаттарды, тергеу және сот iстерiн қоса алғанда, көмек сұрап өтініш жасаған

тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты

Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен

тіркеп алуға, iске қатысуға жiберiлген кезден бастап жолығулардың санын,

ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз

ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға ие болуға, заң

көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер

саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн

мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын

сұратуға, мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,

қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік

қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және

заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және

әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен

шағымдар келтіруге, егер бұл анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу

кезiнде, сотта қорғауды немесе өкiлдiк етуді жүзеге асыру үшiн қажет болса,

мемлекеттiк құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк

және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен Қазақстан

Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен танысуға, заң көмегiн сұрап

өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда

тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға, татуластыру

рәсімдерін жүргізуге, кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге, заңнамаға

қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

Адвокатты тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокаттардың тәртіптік

комиссиясы жүзеге асырады.Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар

алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған

есеп беретін, адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады.

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады.

Дәл сол бір адам адвокаттардың тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен

артық бола алмайды.

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені және тәртіптік

жауаптылыққа тарту рәсімін Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді.

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды

құрайды.

Тәртіптік істі адвокаттардың тәртіптік комиссиясы бұзушылық анықталған

күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тәртіптік іс жүргізу

адвокат еңбекке уақытша жарамсыз болған және ол іссапарда болған

жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі тәртіптік істі

қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.

Тәртіптік істі қарау кезінде адвокаттардың тәртіптік комиссиясы өзінің

отырыстарына шағымдар жолдаған тұлғаларды, сондай-ақ адвокаттар

алқасының өздеріне қатысты шағымдар қаралатын мүшелерін шақыруға

міндетті.

Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген

жағдайда, оның міндетті түрде қаралуы әділет органы өкілінің қатысуымен

жүзеге асырылады.

Қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген

тұлғалардың келмеуі тәртіптік іс жүргізуді қарауға кедергі болмайды.

Адвокаттың осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет

және заң көмегі туралы заңнамасының, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексінің,

адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын, Республикалық адвокаттар алқасы

органдарының, адвокаттар алқаларының шешімдерін бұзғанын көрсететін

жеткілікті негіздердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болып

табылады.

  1. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокатқа мынадай тәртіптік жазалау

шараларын қолдануға құқылы, атап айтқанда, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адвокат

өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының

талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген заң

көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не

бірнеше рет бұзғанда, біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз

кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған, мүшелік жарналарды

жүйелі түрде төлемеген кезде, коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің

құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану

немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де

шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік

қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге ақы төленетін қызметпен де

айналысқан кезде, өз еркі бойынша, адвокат қайтыс болған жағдайларда,

алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін адвокаттар алқасының

әрекеттері (әрекетсіздігі) және (немесе) оның басқару органдарының шешімдері

бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) және (немесе) шешімдерге

Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтуға құқылы.

Заң консультанты болып — жоғары заң білімі бар, заң мамандығы

бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң

консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін

көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады.

Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен

айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ

заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.

Заң консультанттары палатасының заң консультанттарының қызметіне

олардың заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының

талаптарын, палатаға мүшелік шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауды жүзеге

асыру тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында

айқындалады.

Заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының

адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының,

қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны

үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары

палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады.

Заң консультанттары палатасының мүшелеріне жазалар қолдану, оларды

алып тастау және шағым жасау тәртібі палатаның жарғысында және

қағидаларында айқындалады.

Заң консультанттары палатасының мүшесі өз құқықтары мен заңды

мүдделерін заң консультанттары палатасының әрекеттері (әрекетсіздігі), оның

басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге

(әрекетсіздікке), шешімдерге уәкілетті органда немесе сотта дау айтуға, сондай-

ақ өзіне келтірілген зиянды заң консультанттары палатасының Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуін талап етуге құқылы.

Осы Заңда көзделген жағдайларда, заң консультанттары палатасының

әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органының шешімдеріне, дауды

міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақтала отырып, сотта дау айтылуы

мүмкін.

Заң консультанттары палатасы Қазақстан Республикасының адвокаттық

қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары

палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің

талаптарын бұзғаны үшін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де

заңдарына сәйкес жауапты болады.

Заң консультанттарының палаталары, заң консультанттары палаталарының

мүшелері, клиенттер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының адвокаттық

қызмет және заң көмегі туралы заңнамасын, заң консультанттары палатасының

қағидалары мен стандарттарын, Кәсіптік әдеп кодексін бұзушылықтар туралы

жүгінуге құқылы.

Шағым түскен кезде, егер шағымды заң консультанттары палатасы бұрын

қарамаған жағдайда, уәкілетті орган оны тиісті палатаға жібереді.

Егер шағым палатаның қарау нысанасы болған жағдайда, уәкілетті орган

жолданымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен

қарайды.

Шағымды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган заң

консультанттары палатасына нұсқама, ескерту түрінде ықпал ету шараларын

қолдануға, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де

заңдарына сәйкес өзге шаралар қабылдауға құқылы.

Егер заң консультанттары палатасы уәкілетті органның нұсқамасы, ескертуі

бойынша шараларды қабылдамаған немесе уақтылы қабылдамаған жағдайда,

уәкілетті орган заң консультанттары палатасына заң консультанттары

палаталарының тізілімінен шығару түрінде ықпал ету шарасын қолдану туралы

мәселеге бастама жасайды.

Заң консультанттары палатасының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде), оның

басқару органдарының шешімдерінде бұзушылықтар болған жағдайда, заң

консультанттары палатасына қатысты, сот тәртібімен, заң консультанттары

палаталарының тізілімнен шығару түрінде ықпал ету шарасы қолданылуы

мүмкін.

Әйгерім Абдуллаева,

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің

басшысы