Air Astana әуе компаниясы 2023 жылдың 25 наурызына дейін жалғасатын қысқы ұшу навигациясын бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қысқы навигациялық кезеңде Air Astana 42 бағытқа қатынайды, оның 27-сі халықаралық және 15-і ішкі рейс. Қысқы навигацияда әуекомпания жыл бойы тұрақты бағыттарға ұшу санын көбейтуді жоспарлап отыр:
Атыраудан Ыстамбұлға рейс аптасына екі рейстен үш рейске дейін;
Алматыдан Пхукетке аптасына үш реттен жеті ретке дейін;
Алматыдан Чэндуге екіден беске дейін;
Алматыдан Делиге ұшатын әуе рейстері жылына 14 рейске дейін;
Мальдив аралдарына ұшу саны аптасына бес рейске дейін ұлғаяды.
Алматыдан Ыстамбұлға әуе компаниясы аптасына 10 рейсті орындауды жалғастырады, ал Астанадан Ыстамбұлға рейс былтырғы қыстағы бес рейстің орнына аптасына 7 рейске дейін ұлғаяды.
2022 жылдың 30 қазанынан бастап әуе компаниясы Алматыдан Бангкокқа рейсті қайта бастады. 2023 жылдың қаңтарынан бастап әуе компаниясы Алматыдан Мединаға аптасына екі рет тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қысқы кестеде әуе компаниясы танымал маусымдық жазғы курорттарға рейстерді тоқтатады. Әуе компаниясы 2023 жылдың көктем-жазғы навигациясында Бодрум, Батуми, Ираклион және Подгорицаға рейстерді қайта бастайды.
Сондай-ақ Астанадан Тбилисиге қатынайтын рейстер де уақытша тоқтатылып, Алматыдан Тбилисиге қатынайтын рейстер аптасына бес реттен үш ретке дейін біртіндеп қысқарады.
2022 жылдың қараша айынан бастап әуе компаниясы есту және көру қабілеті бұзылған жолаушылар үшін борттық ойын-сауық жүйесінде арнайы бөлімді іске қосады. Бұл бөлімде соңғы әлемдік және қазақ кинематографиясынан дыбыстық суреттемелер мен жабық субтитрлер бар фильмдердің таңдауы ұсынылады. Сонымен қатар танымал подкасттарды енді Air Astana рейстерінде тыңдауға болады.