Air Astana компаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

33
Әуежайларда жанармай тапшы
 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  Air Astana компаниясына әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз жинағаны үшін 6,7 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды.
Агенттік көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеріс жүргізген. Оған халықтың әуе билеттері бағасының үздіксіз, әсіресе жазғы демалыс кезінде өсуіне қатысты шағымы себеп болды.
«Тексеріс қорытындысы бойынша Air Astana-ның авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды», – делінген хабарламада.
2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға 6,7 млрд теңге әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.