Арыстық кәсіпкер 3 жылда 30 мың балық өсіріп шыққан

35

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова балық өсірумен айналысатын «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл мекеме 3 жылдан бері майшабақ өсірумен айналысады.

Кәсіпкер Мақсат Тоқболаев шаруашылықты ашу үшін 40 млн. теңге инвестиция салған. Дермене ауылында ені – 7, ұзындығы 26, ал тереңдігі 2 метр болатын 6 су бассейнін салып, онда 30 мыңнан астам сазанды өсіріп шыққан. Қазір салмағы бар-жоғы 72 граммды құрайтын шабақтарды суға жіберді. Ол 5-6 айда толық өсіп шығып, 2 жарым кило болғанда сатылымға шығарылады.