Бірқатар агенттіктердің басшылары ауысты

36

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауынан кейін бірқатар ведомствоның басшысын қызметке қайта тағайындады, – деп хабарлады Ақорда.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, Қазақстан президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өз қызметінде қалды.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК, Антикор және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшыларын да қызметке қайта тағайындаған болатын.