«Дина. Күй құдірет» фильмінің шығармашылық тобы Түркістанда бас қосты

48

Түркістан қаласында дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың шығармашылық жолы мен өміріне негізделген тарихи туындының шығармашылық тобымен кездесу өтті.

Шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырды. Басқосуға фильмнің режиссері, сценарий авторы, басты рөлдерді сомдаған актерлік құрам мен өнерсүйер қауым қатысты.

Салтанатты жиында жиналған көрермен өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, шағын сұхбат өткізілді. Ал облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары барлық шығармашылық ұжымға табыс тілеп, қазақ мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, «Дина. Күй құдірет» атты екі бөлімді тарихи драмасын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша жергілікті «САҚ» киностудиясы таспалады.