Келес ауданында «Алтын күз – 2022» дихандар мерекесі атап өтілді. Аймақ басшысы Ақментай Есбаев ауыл шаруашылық техникалары қойылған көрмені тамашалап, азық-түлік жәрмеңкесін аралады.
Жергілікті өнімдерге басымдық берген акцияда көпшілік келестік бақша өнімдерін арзан бағада сатып алды. Биыл 10 айдың ішінде жалпы өнім құны 63 млрд 587 млн.теңгені құрады. Ал нақты көлем индексі 100,8 %-ға жетті.
Оның ішінде 43 млрд 524 млн.тг өсімдік шаруашылығына тиесілі болса, 20 млрд 063,2 млн.тг мал шаруашылығының еншісенде. Сондықтан да аудан әкімі жылды табысты қорытындылаған шаруаларды мерекесімен құттықтап, алғысын жеткізді.