Көкөніс сақтайтын қоймалар тапшы

117

Көкөністердің қымбаттауын сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де түсіндірді. Оның айтуынша, елде қоймалар тапшы. Ал көктемде қажетті өнімдердң өзге елдерден сатып алуымызға тура келеді,- дейді. Қазір министрлік өзбек ағайындармен импорт құнын арзандату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі: «Қоймалар жетпей жатыр. Кеше кешкісін Қазақстандағы бүкіл қоймалардың талдауын жасадық. Әрбір өңірде ең кемінде  ірі 2-3 қойма болу керек. А класс, ішінде климат-контроль бар. Б класс. Себебі,  қазірден бүкіл азық-түлікті сақтауымыз керек. Қоймаларды Үкімет салмайды. Ол дұрыс емес. Қоймалар керек болса, бизнес өзі салсын. Бірақ біз «Жол картасы» арқылы қолдаймыз».