Шымкент: Сабын шығаратын қойма өртке оранды

37

 

Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі 5 шақырым «Ордабасы» индустриялдық аймақтың аумағында 17 тамызда  сағат 22:10-да  «Аль-Абай»  ЖШС-на қарасты  сабын шығаратын цех   қоймасының ішінде  сабын дайындауға арналған шикізат  жанды. Өрттің  көлемі  285 ш.м. құрады.

Өрт сағат 23:02-де оқшауланып, сағат 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 дана техника,  «Эко» ЖШС-ның  4 дана су тасығыш, 4 қызметкер, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің  5 қызметкері, 2 дана техника  жұмылдырылды.