Министр: «Қыста көкөніс тапшылығы болмайды»

82

Қыста көкөніс тапшылығы болмайды. Осылай деп бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі сендірді. Ведомство жетекшісі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша қазір тиісті қор жасақталған. Мәселен, тек картоптың 4 млн тоннасы бар. Оның бағасы 140 теңгеден аспайды.

Сәбіз, қырыққабат және картопқа деген қазақстандықтардың сұранысы толық қамтылған -дейді министр. Осыған қоса қазір елде көкөністің барлық түрі бойынша өнімділік артып келеді. Бірақ дәстүрге сай күз мезгілінде қияр мен қызанақ бағасы күрт қымбаттап кетеді.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Қызанақ пен қияр мәселесі жылда қайталанатын үрдіс. Өйткені, қазан-қараша айларында көкөніс жылыжайларда өсіріле бастайды. Бұл қымбатқа түседі. Осыған байланысты баға біршама өседі. Бірақ қызанақтың келісі 1,5 мың теңгеге дейін жетуі дұрыс емес».