Түркістан облысында 1 млн. 168 мыңнан аса адам таңдау жасай алады. Өңірде 919 сайлау учаскесі жасақталған.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысындағы сайлау комиссиялары және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесіп, оған әзірлік жайын пысықтады.
Қазір комиссия мүшелері учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы интернетпен қамтылуын қадағалап жатыр. Одан бөлек, сайлаушылардың тізімі нақтылану үстінде. Ең бастысы – сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту мен өзге де дайындық жұмысына назар аударылып отыр.
Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы: «Бірнеше семинар өткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелерін оқытып, заң жағынан түсіндіріп, сайлау қалай өтеді? Тәртібі қандай болады? Байқаушылар қалай жұмыс істейді? Ақпараттық құрал өкілдерінің фунциясы қалай болады? Ең басты мәселе әрбір сайлаушыға дейін біз жетуіміз керек. Әрбір сайлаушының пікірін біз ескеруіміз керек және заңды, әділ түрде таза өткізуіміз керек».