8 мыңнан астам сайлау учаскесінде қазақстандықтар дауыс беруде

20
Түркістан облысыныңдағы сайлау учаскелері

Қазақстанның сегіз мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 8272 сайлау учаскесі ашылды. Соның ішінде 12 шет елде 13 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды», – деді Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысында. Айтуынша, 92 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталған. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 1887 сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен сағат сегізде басталады.
Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан. Шымкентте сайлауда өз таңдауын жасағандардың қатарында әскерилер бар.