Шымкенттік заманауи цех жылына 54 мың жиһаз өндіреді

102

Шымкент қаласының әкімі “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Соның бірі “ШЫМКАЙ” ЖШС-і.

Бұл кәсіпкер 2019 жылдан бері жиһаз шығарумен айналысып келеді. Қала тұрғыны цехты ашу үшін 750 млн. теңге инвестиция салған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін индустриалды аймақтан цехқа 10 жылдық жалға 2 гектар жер берілген. 3 жылдың ішінде бизнесмен табыс көзін кеңейтіп, өнім көлемін арттырған. Қазіргі таңда 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.