Талдықорқанда өткен Қазақстанның қысқы чемпионатында түркістандық спортшылар 19 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль бар.
Осылайша өңір спортшылары өз рекордын жаңартты. Әйелдер арасында 100 метрге кешендік жүзу эстафетасында жеңіске жету облыс үшін айтулы оқиға болды. Команда сапында Дарья Тоқтобаева, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко және Милана Болдырева өнер көрсетті.
Жекелей сында Аделаида Пчелинцева 50 және 100 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден ешкімге дес бермеді. Нәтижесінде 3 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Дарья Тоқтобаева сайыста 5 медаль олжалап, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.