Армрестлингтен шардаралық спортшылар республикада көш бастап тұр

49
фото ТӨКҚ

Астана қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыс өте тартысты өтті. Елордада өткен кезекті Ел чемпионатының жеңімпаздары алдағы Азия чемпионатына жолдама алды.

Түркістан облысы «Шардара Армспорт» құрамасы спортшылары жарыста жалпы 22 медаль иеленіп, командалық есепте 1 орын алды. Командалық 2 орынды – Жамбыл облысы иеленсе, 3 орынды – Алматы облысы қанағат тұтты.