22 анаға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды

Тәуелсіздік күніне орай Әл-Фараби ауданында 5 ана «Алтын алқа», 17 әйел – «Күміс алқа» иегері атанды.

Көпбалалы аналарға төсбелгіні аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 140 ана марапаталып, оның 32-і «Алтын», ал 109-і «Күміс» алқа иегері атанған.

Марат Тәжібаев аналарды марапатымен құттықтап, елдің демографиялық саясатына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.