Шымкентте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне 8 наурызға сыйақы беріледі

38
фото ult.kz

8-ші наурыз мерекесіне орай  Шымкентте 12 608  «Алтын алқа»  және «Күміс алқа» иелерлеріне  18 460 теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Шымкент  қалалық  мәслихатының шешімі негізінде 2019 жылдан бері жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленіп келеді. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, көпбалалы аналарға мереке қарсаңында бір реттік сыйақы тағайындалмақ.

Қазіргі таңда қаламызда 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері. Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.