Úı ANONS Астана қаласының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды

Астана қаласының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген құжатта.
Айта кетері, бұған дейін Қасымбек Қарағанды облысын басқарды. Оның орнына бүгін Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды.