Биыл Сарыағашта 122,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

118

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласы бойынша биыл 71,1 мың га егістік жер игеріліп, жалпы 559,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды. Сонымен қатар, жыл басынан бері жаңадан 35,3 га жылыжай салынып, екі айналымда 98,7 мың тонна өнім алынды.

Шаруалардың еңбегінің нәтижесінде жыл басынан бері 122,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,8% – ға жетті. Сондай-ақ аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Аудан шаруалары Астана, Алматы, Түркістан қалаларында өткен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне 17 рет қатысып, 257 тоннаға жуық өнім нарықтық бағадан 10-15 % төмен бағада саудаланды.