Тәуелсіздік күні қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің өкілдері қайырымдылық акциясын өткізді. Мереке қарсаңында тұрғындарға қуаныш сыйлау мақсатында қолға алынған шара барысында, аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ Қарабастау тұрғын алабының еңбек ардагерлеріне азық-түлік жиынтығы таратылды.
«Біздің ұжым барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!. Атаулы күнге байланысты «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» басшылығы қайырымдылық акциясын өткізуге шешім қабылдады»
Шымкент мұнай өңдеу зауытының өкілдері Қарабастау тұрғын алабының тұрғындарына кезекті рет қонаққа келді. Бұл жолы да құр алақан емес, аз қамтылған отбасыдан шыққан 75 оқушы азық-түлік жиынтығын алады. Тұрғын алабының 25 еңбек ардагеріне де күнделікті тұтынатын тауарлар толтырылған себет сыйға ұсынылды. Айта кетейік, сый-себетке күріш, ұн, қант, күнбағыс майы, шай сияқты әр күнге қажетті заттар салынған.
Өрік Қайназарова, Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны: «Зауыт басшылығы мен ұжымына үлкен рахмет, біздің тұрғын үй белсенділерімізге рахмет, ардагерлер бізді ұмытпайды. Азық-түлік артық болмайды менің көптеген немерелерім мен шөберелерім бар. Міне, олар қуанады. Шынында да, мұндай қиын уақытта адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы өте маңызды».
Азық-түлік жиынтығы тізімге сәйкес таратылуда. Тұрғын алаптың белсенділері тізімге аса мұқтаж отбасыларды енгізген. Олар көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасылар мен жетім балалар. Бұл қайырымдылық акциясы — Шымкент мұнай өңдеу зауытының өкілдері қолға алған бірінші шара емес. «Өткен жолы зауыт жұмысшылары балаларды мектепке жинауға көмектесті»,- дейді Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны .
Халида Мұхамеджанова, Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны: «Қайырымдылық акциясын ұйымдастырғандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Еліміз өркендей берсін. Зауыт ұжымы үлкен жетістіктерге жетсін. Біз өз уақытымызда Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын көтеру үшін тынымсыз жұмыс істедік. Қазір біздің балалар бүкіл халықтың игілігі үшін жұмыс істейді. Баршаңызға бейбіт өмір, отбасыларға амандық тілеймін».
Қарабастау тұрғын алабында 10 мыңға жуық халық тұрады. №99 мектеп-гимназияда 2127 бала оқиды, оның 505-і аз қамтылған отбасылардан.
Кеңес Сейтаев, Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны: «Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығы барлық уақытта көмектеседі. Жиі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Жалын, Жұлдыз және Қаратөбе елді мекендерінің мектептері мен тұрғындарына демеушілік көмек көрсетеді. Бізді экскурсияға шақырады».
Қайырымдылық шарасы барысында жомарт жандармен бірге жүрген имам, «Петрокаазақстанойл Продактс» ЖШС-і өкілдері жағдайы төмен отбасыларға үнемі қолдау көрсететін жеткізді. Сауапты істің басы қасында жүрген ол, қайырымды азаматтарға тұрғындар атынан алғыс білдірді.