Шымкентте «Mitsubishi» ресми дилерлік орталығы ашылды

51

Шымкент қаласының тұрғындары енді жапондық таңдаулы көліктерді шетелге шықпай-ақ сатып ала алады. Себебі үшінші мегаполисте «Mitsubishi Shymkent» ресми дилерлік орталығы ашылды. Мұндағы басты ерекшелік, бұл бренд автомобильдерді Жапонияда құрастырып, кейін Қазақстанға алып келеді. 

Енді нағыз жапондық сападағы көлікті сатып алу үшін шетелге шығудың қажеті жоқ. Себебі Шымкентте Mitsubishi компаниясының алғашқы ресми орталығы ашылды. Бұл жаңа дилерлік орталық «Orbis Auto» тобының құрамына кіреді.

Артём Кучер, Шымкенттегі «Mitsubishi Shymkent» дилерлік орталығының директоры: «Біз Шымкентте Mitsubishi-дің ресми дилерін ашқанымызды қуана хабарлаймыз. Орталықта стандартқа сай, дәстүрлі түстегі көліктерді ұсынбақпыз. Біздің орталықтың жалпы ауданы 528 метрді құрайды, оның ішінде 428 метрі көрме залы».

Mitsubishi-дің басты артықшылығы — түпнұсқа көлік құрастыратындығында. Сонымен қатар, ол мықты корпусы және сенімді агрегаттарымен танымал. «ММС Каз» ЖШС-нің бас директоры Осаму Иваба Шымкенттегі жаңа орталық тұрғындарға жайлылық сыйлайтынына сенімді.

Осаму Иваба, «ММС Каз» ЖШС-нің бас директоры: «Көптеген брендтер өз көліктерін Қазақстанда құрайды. Ал біздің олардан айырмашылығымыз, Mitsubishi Жапонияда құрастырылады және сол жерден дайын күйінде Қазақстанға жеткізіледі. Бұл біздің басты артықшылығымыз. Айта кетейік, Mitsubishi көліктерінде сіз өзіңізді толығымен қауіпсіз сезіне аласыз — бұл машиналар сізді кез келген жағдайда қорғай алады. Қауіпсіздік шаралары барынша сақталған. Бізде екі литрлік қозғалтқышты көліктер сұранысқа ие».

Бұл су жаңа көрме залында Mitsubishi брендінің бірнеше үлгісі халық назарына ұсынылған.

Артём Кучер, Шымкенттегі «Mitsubishi Shymkent» дилерлік орталығының директоры: «Енді біздің тұрғындарға спорттық үлгідегі ACX, Аутлендер, Паджеро көлік түрі қолжетімді. Сондай-ақ бізде Эклипс кросс, Л200 және ACX автокөліктерін брондау арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады. Салонда сертификатталған мамандардан Mitsubishi маркалы автокөлікке толық техникалық қызмет көрсетеді».

Сонымен қатар, бұл қызмет көрсету орталығында сіз көлігіңізді толық техникалық тексеруден өткізе аласыз. Білікті мамандар электрониканы, қозғалтқышты диагностикадан өткізу, майды ауыстыру, қосымша жабдық пен қауіпсіздік жүйесін орнатуға көмектеседі.

Мұнда сіздің сенімді серігіңіз саналатын темір тұлпарыңызға тек түптұсқа қосалқы құралдарды орнатады. Тағы бір артықшылығы — модельдерді алдын ала төлемсіз брондауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бұл орталықта қолма қол ақшаға да, бөліп төлеуге және тейд-ин арқылы сауда жасауға болады.

Мекен жайы: Темірлан тас жолы, 90 Б.
Телефон: +7 708 300 30 30.