«Chery Shymkent» дилерлік орталығы автокөліктері тиімді бағада ұсынады

Шымкент тұрғындары мен қонақтары жоғары класты көліктерді тиімді бағамен сатып алудың үлкен мүмкіндігіне ие болады.

Себебі қытайлық Chery компаниясының көліктері Қазақстанда танымал бола бастады. Бұл брендтің автокөліктері ең алдымен қауіпсіздігі және сапасы жағынан тұрғындардың қызығушылығына ие. Ал Chery көлігінің иелері бірге демалысқа, табиғат аясына шығатын үлкен автокөлік қауымдастығын құрып жатыр.

Қауіпсіздік, ыңғайлылық және ең бастысы сапа! Қытайлық Chery компаниясының автокөліктері қазақстандық жүргізушілер арасында танымалдыққа ие болып келеді. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Chery бренді үздік нәтиже көрсетіп, елдегі ең көп сатылатын автомобильдер тізімінде бесінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, автосалонда көлік алуға келген әрбір клиентке жеке кеңес беріледі. Келушілер кез-келген уақытта өзіне ұнайтын көлікті қолайлы бағамен таңдай алады.

Данияр Сүйкімбаев, «Chery Shymkent» автосалонының директоры: «Chery көліктерін кез-келген уақытта келіп, таңдап сатып алуға болады. Бүгінгі күнге Қазақстанда Chery-дің 4 түрі көрсетілген. Ол: Chery Tiggo 4 PRO, Chery Tiggo 7 PRO, Chery Tiggo 8 PRO және жаңадан шыққан Chery Tiggo 4 PRO МАХ. Біздің орталыққа тек қана Шымкенттің тұрғындары емес, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының да тұрғындары келіп, сатып алып жатады».

Қазақстандағы Chery компаниясының ресми дистрибьюторы «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group компаниясы. Компанияның басты мақсаттарының бірі-Chery көлігінің иелерін біріктіру. Дәл осы мақсатта өткен демалыс күндері олар үшін керемет шара ұйымдастырылды. Оған үшінші мегаоплиспен қатар, Түркістан облысынан, сондай-ақ Тараз, Қызылорда және Байқоңырдан келген автокөлік жүргізушілері қатысты. Онда қонақтарға Chery Tiggo 7 PRO жаңартылған нұсқасының тұжырымдамасын ойлап табу және сипаттамаларына қарап көліктің сызбасын жасау ұсынылды. Одан кейін келушілер картон, бояулар мен және ұшқыр қиялдың көмегімен үлкен модельді жинады.

Данияр Сүйкімбаев, «Chery Shymkent» автосалонының директоры: «Біз әр клиентке жеке кеңес беріп, таңдауға көмектесеміз. Бізде әртүрлі науқан, жеңілдіктер ұйымдастырылып, сыйлықтар беріледі. Орталықтағы көліктердің бағасы тиімді, мәселен дәл осындай автокөлікті басқа брендтен алатын болса, 3-4 миллионға қымбатқа түседі».

Chery дилерлік орталығы Қазақстанның 9 қала мен облыстарында жұмыс істейді. Сапалы қытай көліктерінің бағасы 10 миллион теңгеден басталады. Ал екінші деңгейдегі банктерде Chery-ді қолайлы шарттар бойынша несиеге рәсімдеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

Мекен жайы: Алпысбаев көшесі 125/1