CHANGAN AUTO – Шымкентте жаңа дилерлік орталық ашылды

Шымкентте жаңа дилерлік орталық ашылды. Changan орталығы қытайлық Uni-К брендінің автокөліктерін ұсынады. Қауіпсіздік пен сапаны басты орынға қойған бренд енді шымкенттіктерді де қуантпақ. Айта кетейік, бұл орталықта көлік іздегендерге темір тұлпарды сатып алудың мүмкіндігі бар.

Қауіпсіздік! Сапа! Ыңғайлылық! Шымкентте қытайлық Uni-К көліктерін ұсынатын жаңа дилерлік орталық ашылды. Давлят Хидиров орталықтың ашылғанын естіп, бірден осында келіпті. Сұлу дизайнмен жасалған, жаңа үлгідегі көліктерді көргенде бірден сатып алғың келеді дейді ол. Тіпті, өзіне соңғы технологиямен жабдықталған көліктердің бірін сатып алуды да ойлап отырғанын айтады.

Давлят Хидиров, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бүгін осындай керемет дилерлік орталықтың ашылуына келіп отырғаныма қуаныштымын! Барлық көліктер көздің жауын алады. Қуаттылығы да өте жақсы көрінеді. Сатып аламын деп ойлаймын! Қазір қарап жатырмыз, ұнаған түсін, моделін аламыз бұйырса».

Қазір орталықта бірнеше автокөлік сатылымға шығарылып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына көліктің бірнеше түсі ұсынылады. Ал сәнді сапалы, су жаңа темір тұлпардың бағасы да көңілге қонымды. Көліктердің аудио ассистенті бар, ал жүріс жолағынан айнып кетпеуі үшін жолақты ұстау функциясы қарастырылған. Ал төтенше жағдай туындағанда арнайы функциясы арқылы көлік өзі тоқтайды.

Сергей Галкин, SilkWay Auto Kazakhstan дистрибуциясының директоры: «Бүгін Changan дилерлік орталығының Шымкенттегі орталығын ашып отырмыз. Бұл орталық Changan Uni-К көліктерінің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Кроссоверлар 226 аттың күші бар қуаттылыққа ие. Екі литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Сонымен қатар, өте ерекше әрі заманауи соңғы дизайнмен әрленген».

Дилерлік орталықта тұтынушылар көлікті қолма-қол және несиеге сатып ала алады. Сондай-ақ, арнайы бағдарламамен ескі көлікті өткізіп жаңа кроссоверге ауыстырып алуға болады.

Мекен жайы: Темірлан тас жолы 115