Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті. Аталған, іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар мен балалар қатысты.
–Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілік сақталып, әрбір шаңырақта бақ-береке орнасын. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыздың шығармашылығы шыңдала берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай, – деді іс-шарада сөз алған «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.
Кеш қонақтарын құттықтаған жас өнерпаздарымыз қазақ әндерінің алтын қорындағы Отансүйгіштікке шақыратын туындыларды орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.