Өзбекстан елінде каратэден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Түркістан облысынан екі спортшысы қатысты.
Олар жас каратэшілер Әсел Қанай мен Мәди Катешов. Кумите әдісі бойынша 61 келіде татамиге шыққан Әсел Қанайға тең келер қарсылас болмады. Ол жекелей сында және командалық жарыста барлық қарсыласын тізе бүктіріп, қос алтынды қанжығасына байлады.
Ал Мәди Катешов қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберді. Жеңімпаз ару Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының шәкірті.