Шымкент: Спортшылар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

66

Ұлттық жекпе-жектен ересектер арасында өткен Азия чемпионатына қаламыздан 9 спортшы қатысып, оның жетеуі жүлдемен оралды. Қостанай қаласында өткен додада жерлестеріміз 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға ие болды.

Алтын медаль иегерелері – Қуаныш Тимур 63 келі, Әбдуілі Саят 70 келі және Сайдазым Әлібек 75 келі салмақта жеңіске жетті.

Еске салайық, аталған Азия Чемпионаты 28-31 қазан күндері өткен. Сонымен қатар, Қазан қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрсұлтан Қожагелді 100 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

 Гүлдана Дәурен