Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жеңілдетілен автонесие бағдарламасы бойынша, көлік бәріне жетеді деген мәлімдеме жасады.
Машина тапшылығы жоқ. Отандық автоөндіріс керісінше, қарқынды дамып келеді деген Қайырбек Өскенбаев, қаңтардың ортасында 4%-дық автокредит қайта басталғанымен, бұрынғыдай жаппай несиелеу болмайды,- деді.
Бағдарлама тек, револьверлік негізде жүзеге асады. Яғни бұған дейін 4 пайызбен көлікті несиеге алғандар ақшасын банктерге қайтара бастады. Сөйтіп 13 миллиард теңге жиналды. Оған тағы мың жарымға жуық автоқарыз беру жоспарланған. Осылай қайтарылған қаржы жиналған бойда, несие тоқтаусыз беріле береді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Қазір банктер автонесиені күнде бере бермейді. Ақшаның жиналғанын 2-3 ай күтеді. Меніңше бұл дұрыс емес. Жеңілдетілген автонесие күнде 5-6 адамға болса да беріліп тұруы керек деп ойламын. Осы мәселені қазір банктермен талқылап жатырмыз».