Азаматтар шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды

48
фото Информ.кз

 Kolesa.kz  порталының мәліметі бойынша  Қазақстан азаматтары шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдеп, жүре алмайды. Ондай көліктерді өзге елдің азаматтары ғана сақтандыра алады.

12 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру және жол қозғалысы заңдарына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Мәселен, сақтандыру бойынша тағы 5-2 тармақ қосылды. Оған сәйкес, Қазақстан аумағындағы халықаралық қозғалыста жүрмеген көліктерге сақтандыру полисін рәсімдеуге тыйым салынған.
«Жол қозғалысы туралы» заңда халықаралық қозғалыста жүретін көліктің нақты анықтамасы жазылған. Оның иесі шетел азаматы, яғни, Қазақстан азаматтығы мен тұруға ықтиярхаты жоқ адам болуы шарт.
Халықаралық қозғалыста жүрген көлік Қазақстанда бір жыл жүре алады. Осы уақыт өткеннен кейін, кем дегенде 30 күнге елден шығарылуы қажет. Сосын қайта кіре алады.
Дегенмен 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін рәсімделген сақтандыру полисімен жүруге болады. Одан кейін Қазақстан азаматтары шетелдік көлікті сақтандыра алмайды. Ондай көліктерді сақтандыру полисі негізінде сатуға да тайым салынады.
Транзиттік нөмір алған көліктерді бұрынғыдай 10 күнге сақтандыруға рұқсат беріледі.