Úı ANONS Шетелдік автокөліктерді мемлекеттік тіркеу  23 қаңтарда басталады  

Шетелдік автокөліктерді мемлекеттік тіркеу  23 қаңтарда басталады  

Шетелдік автокөліктерді мемлекеттік тіркеу  ағымдағы жылдың 23 қаңтарында  басталады. Заңдастыруға өтінішті «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн немесе мамандандырылған ХҚКО-ға барып офлайн беруге болады.

Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО-ларда заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайтын арнайы секторлар ұйымдастырылады.»Мамандандырылған ХҚКО-ға келген көлік иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж – 4 313 теңге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірге – 9 660 теңге алым төлейді (барлығы 213 973 теңге ). Сосын құжаттардың түпнұсқасын ХҚКО қызметкеріне тапсырады (шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжат)», — деді ішкі істер министрлігіндегілер .