Британиялықтарды соңғы 40 жылда болмаған қымбатшылық қысты. Инфляция деңгейі сәл төмендегенімен, азық-түлік бағасы 17 пайызға өскен.
Әсіресе жұмыртқа, ірімшік, сүт пен сусындар қымбаттады. Мұндай қымбатшылық елде 1977 жылдан бері болмаған. Кейбір пікірлерге қарағанда, Ұлыбритания экономикасы күрделі жағдайда, жұмыссыздық өсуі мүмкін.