Еңбекші ауданында қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде

39

Еңбекші ауданына қарасты басты және ішкі орамдық жалпы саны 84 көшеде қар күреу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 24 арнайы техника, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Газ-Саз – 1 дана, Камаз самосвал – 1 дана, Газ 53 – 5 дана, Погрузчик – 1 дана, және аулалар мен аяқ жолдардың қарын күреуге 253 жұмыс күші тартылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.
Жағдай, әкімдік тарапынан және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда.