Шымкентте діни экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан азамат жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қалалық Полиция департаменті қызметкерлері «Instagram» парақшасында тыйым салынған діни аудио-видео материалдарды таратқан 26 жастағы тұрғынды анықтады. Оның деструктивті ағымды ұстанатыны белгілі болды.
Аталған аудио және бейнежазбалар бірден діни сараптамаға жолданған. Нәтижесінде бұл материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынғаны белгілі болды. Аталған азамат мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.