Шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін Шымкеттік автоХҚО-ларлың  жұмыс кестесі өзгерді

83

 

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында автоХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін автоХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Анықтама:
ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а 2343/1.
№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.