Автоконструкторларды заңдастыру тәртібі жарияланды

32
фото dknews.kz

Ішкі істер министрлігі автоконструкторларды заңдастыру тәртібін жариялады. 22 мамырдан бастап Қазақстанға қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді тіркеуге қоюға рұқсат берілді. Оны заңдастыру үшін бірнеше құжат тапсыру қажет.

Олар: өтініш; ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі; техникалық байқаудың диагностикалық картасы.

Осы санаттағы көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Автоконструкторлар тек Қазақстан аумағында ғана қолданылуы шарт. Өзге адамның атына тіркеуге рұқсат берілмейді
Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Министрлік заңдастыруға қатысты қосымша сұрақтар бойынша әрбір өңірдегі call-орталықтарына хабарласуға кеңес берді.