Шымкентте бір аптада 6 адам газдан уланып, қайтыс болды

40

Шымкентте жыл басынан бері 6 адам газдан уланып, қайтыс болды. Жалпы 46 дерек тіркеліп, 100-ден аса адам зардап шеккен. Оның ішінде балалар да бар. Мамандардың сөзіне сүйенсек, оқыс оқиға орыналған үйлерде газ қондырғылары дұрыс орнатылмағай қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Күні кеше мегаполистегі пәтерлердің бірінен тағы бір адамның мәйіті табылды.

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Оқыс оқиға 22 қаңтар күні Әл-Фараби ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша 1960 жылы туылған азамат түссіз әрі иіссіз улы газдан көз жұмған болуы мүмкін. Жалпы статистикаға сүйенсек, үшінші мегаполисте соңғы бір аптада 46 газдан улану фактісі тіркеліп, 106 адам зардап шеккен. Оның 54-і балалар. Ал алты тұрғын қайтыс болған.

Елдар Қуандықов, «ҚазТрансГаз» АҚ ШӨФ-ның өндірістік техникалық бөлім басшысының орынбасары: «Аталған мекен жайды зерделеу барысында газ қазандығының мұржасында түтін тартудың болмауы анықталды. Және су ысытқыш қазандығының мұржаға жалғанбағаны белгілі болды. Ескертеміз бөлмелерде желдеткіш арналарының болуы, түтін тартқыш мұржаларының болуы, ауа ағымының болуы және газ сигнализаторларын анықтайтын қондырғыларының. Олар жуынау және жатын бөлмелерде орнатылмауы керек».

Шымкетте орын алған оқыс оқиғалар хронасына үңілсек. 13 қаңтар күні Спорт шағынауданында 4-камфорлы газ плита мен су ысытқыш құрылғысын арнайы жабдықталмаған бөлмеге орнату салдарынан 1967 жылғы әйел мен оның 2003 жылғы баласы көз жұмды. Осыдан бір күн өткеннен кейін тағы 1991 жылғы азамат газдан уланып қайтыс болғаны анықталды.

Ал апта соңында бір пәтерден қыз бен жігіттің мәйіті табылып, онда да газ құрылғыларын орнатудың техникалық шарты бұзылғаны белгілі болды.Қазіргі таңда оқиға орын алған пәтер мен үйлер көгілдір отыннан ажыратылған. Толық тексеруден соң тұрғындарға газ қайта беріле бастайды.

Төтенше жағдай департаменті өкілінің айтуынша, улану дерегінің көбеюі күннің күрт суумен байланысты. Бұған дайын болмаған тұрғындар үйді жылыту кезінде, көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін ескермейтін көрінеді.

Әлібек Ысқақов, Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары: «Пештерді қатты қыздырмаңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз. Пештерді жағу үшін бензин керосин басқада жанғыш және жанғыш сұйықтарды қолданбаңыз. Балаларға отпен жұмыс істеу ережелері туралы түсіндіріңіз. Сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары есіңізде болсын жылыту аспаптарын дұрыс пайдаланбау және пештердің қызып кетуі жиі өртке әкеледі. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз».

Статистикаға сүйенсек, былтыр газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздік техникасын елемеу салдарынан 6 адам қаза тапқан. Төтеншеліктердің айтуынша, профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Алайда, өңірдегі өлім көрсеткіші қазірше азаймай тұр.