Түркістанда жоғалып кеткен 77 жастағы қарияның мәйіті табылды

13

Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды. Бұған дейін облыстық полиция департаменті Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны, 1946 жылы туған Молдабек Игенбаев 5 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлаған еді.

Арыз түскен күннен бастап барлық іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеуге полицейлер мен еріктілер және ауыл тұрғындары атсалысты. Бірақ, өкінішке орай жоғалған ер адамның мәйіті 8 қаңтар күні «Шүрен төбе» егістік алқабынан табылды.

Мәйітті сырттай қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.