Биыл кепілдендірілген әлеуметтік топтама қаржылай төленеді

2022 жылы 65 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жоспар 112 пайыз орындалған. Ал 1195 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Бүгінде Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Ал кепілдендірілген әлеуметтік топтама биыл қаржылай төленеді. 

Биылдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама қаржылай үлестіріледі. Бұған дейін азық түлік және қажетті гигиеналық жабдық түрінде берілген көмекті енді ата-аналар қаржылай алады. Яғни, әр балаға қажетті жабдықтарды ата-ана өзі сатып алады. Ал айтулы көмектің көлемі бір жарым АЕК -ті құрайды.

Мақсат Жолдасбеков, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: «Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша өзгерістер бар екенін айтқым келеді. Яғни 2022 жылы әлеуметтік топтамалар 6 жасқа дейінгі балаларға азық түлік себеті және химиялық қоспалар түрінде берілген болатын. Биылғы жылдан бастап, осының бәрі жеке шоттарына әр балаға 1 жарым АЕК немесе 5170 теңгенің көлемінде төленеді. Енді әр ата-ана баласына қажетті азық-түлікті қажетті жабдықьарды өзі сатып алатын болады».

2022 жылы 1 195 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың 342-сі жастар болса, қалған 855 адам осал топ қатарындағы азаматтар. Грант алғандардың басым бөлігі тігін цехы, кондитер өнімдерін дайындау, көлік жөндеу және мал шаруашылығы секілді кәсіп түрлерін қолға алған.

Мақсат Жолдасбеков, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: «Ұлттық жоба аясында 2023 жылы да азаматтардың жаңа бизнес идеяларын қолдау шаралары өз жалғасын табатын болады. Ал 2023 жылы жоспарлап отрымыз – 57 мың халықты жұмыспен қамту. Оның ішінде 43 мыңы тұрақты, 6 мыңнан астамы – уақытша жұмыс орындары болады. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында 33 500 адамды жұмыспенқ амтудың белсенді шараларымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішіндегі 19 585 тұрақты, 6065 уақытша жұмыс орындары болады».

Өткен жылы 65 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Нәтижесінде, жоспар 112 пайызға орындалды. Оның 61 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы, Шымкент тұрғындарының арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, белсенді халық саны артқан. Нақтырақ айтақанда, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 440,9 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрап отыр.