М.Әйтенов инвесторларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды

39

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиында инвесторлар тарапынан ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, құрылыс салалары мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған 6 жоба таныстырылды.

Күн тәртібінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асыруда өзекті мәселелер талқыланды.

Қала басшысы жауаптыларға инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.