Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауына жеті партия ұсынған үміткерлер тізімін тіркеді. «Аманат» партиясынан үімткерлердің жалпы саны 119, олардың 90 партиялық тізіммен, 29 өзін -өзі ұсынғандар.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан 78 кандидаттың 54-партиялық тізіммен, 24-і бір мандаттылар.
Қазақстан халық партиясынан 67 үміткер , олардың 52- партиялық тізім бойынша, 15-і бір мандаттылар.
«Ауыл» партиясынан 34 кандидат, 25-і партиялық тізім бойынша, 9-ы өзін-өзі ұсынғандар.
«Республика» партиясынан 29 үімткер, 25-партиялық тізімммен,4-і өзін-өзі ұсынғандар
Үгіт-насихат науқаны 18 ақпан басталды, ол 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісті таратты. Палата депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызға белгіленді. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын да сайлайды.
Парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша, яғни, кейбір кандидаттар партиялық тізім бойынша, ал кейбіреулері бір мандатты округтерден ұсынылатын тәртіпте өтеді.