Өткен жылы алименттен жалтарған 17 тұрғын жауапқа тартылды

33

Шымкентте алимент төлеуден жалтарып, сотта жауап бергендер саны артқан. Өткен жылы аталған жайт бойынша 17 қылмыстық іс қаралған. Сонымен қатар бала күтіміне қарайласпағаны үшін 10 тұрғын ата-ана құқығынан айырылған. Олардың басым бөлігі ер азаматтар. 

Қала тұрғыны Әлияның 2 баласына алимент алмағанына бірнеше жыл болыпты. Қазір экс — жұбайының балалары алдындағы қарызы 1 млннан асқан. Оны сотқа жүгініп, өндіріп алайын десе, күйеуінің соттылығы ұлдарының алдынан шыға ма деп алаңдайды.

«Ажырасқаннан кейін бірден алимент өндіруге арыз бердім, бірақ ол төлеуден бас тартты. Балаларымды өзім асырап отырмын. Қазір барлығы қымбат, алимент төлемесе сотқа беретінімді айтып едім. Керісінше мен соттталсам, ертең балаларыңның алдынан шығады деп өзіме қарсы шықты. Енді не істерімді өзім де білмеймін. Ұлдарымды асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеймін»-дейді қала тұрғыны.

Шымкентте соңғы 4 жыл ішінде баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлемегендер саны бірден өскен. Атап айтқанда сол үшін 2021 жылы 4 адам сотқа жүгінсе, 2022 жылы 17 тұрғынның ісі қаралған.

Дәурен Сайханов, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «2019 жылы бірде бір іс қаралған жоқ, 2020 жылы да бірде бір іс ашылмады. 2021-де 139 бабпен 4 іс келіп түсті. Ал 2022 жылы 17 қылмыстық іс түсті. Әкелері білсін қандай жакапкершілік барын, біз жаза тағайындағанда шектеу жазасы тағайындалады. Іске қарап әрине. Сумма көп болғанына байланысты. Кейбірінле 1 млн болса, енді бірінше 10 млнға дейін қарызға барып қалады»

Сонымен қатар өткен жылы 10 тұрғын ата-ана құқығынан айырылған. Оның басым бөлігі ер азамат. Олар ажырасқаннан кейін алимент төлемеген немесе ішкілікке салынып балаға қамқорлық көрсетпеген. Салдарынан баласы алдындағы әкелік құқығынан айрылған.

Дәурен Сайханов, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Көбінесе ата-ана құқығынан айырмауға тырысамыз. Себебі әр түрлі жағдай болады. Кейде басқарма екі ата-анаға да бірдей құқығынан айыруға өтініш береді. Біз егер баланың тәрбиесіне көз салмаса, киіміне қарайласпаса, тамақ алып бермесе тек 6 айға дейін ата-ана құқығынан шектеледі»

Сот шешімі психологтардың қатысуымен шығарылады. Себебі жасөспірім бала анасының немесе әкесінің айтқан сөзін қайталауы мүмкін. Шын мәнінде бала психикасына кімнің қатты әсер еткені әртүрлі тренинг барысында айқындалады. Содан соң барып ата-ана құқығына қатысты шешім шығарылады.