Қазақстанның экс-президенті сайтының атауы өзгерді

24
akorda.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты енді elbasy.kz емес, nazarbayev.kz деп аталады.Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заңға қол қойды.2022 жылғы маусымда республикада референдум қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың арасында Ата заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы барлық бапты алып тастау туралы өзгерістер де болды. Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша, экс-президент Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін де қорғалады. «Экс-президент үшін барлық кепілдік сақталады. Оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды», — деді министр.Ал Назарбаев отбасы мүшелерінің банк шоттары мен мүлкіне деген кепілдіктер күшін жойды. Экс-президенттің өкілеттігі Конституция мен Қазақстан президенті туралы заңмен реттеледі.