Бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды

21
Шымкентте спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

Балаларды кибербуллингтен немесе өзге де зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау мақсатында арнайы жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері айтты.

Бүгінде баласының құмар ойындарға тәуелді екеніне алаңдаған ата-ана көп. Түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы насихатталатын өнім кейде жеткіншектің өз-өзіне қол жұмсауына да соқтырып жатады. Сол себепті жыл басынан бері бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды.

Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы: «Зорлық-зомбылыққа қатысты контентті бұғаттауға және оны шектеуге жұмыс өткізілді. Тек осы 2022 жылдың ішінде 6 мыңға жуық материал анықталды. Соның көбісі бұғатталды».