ҚР Президенті ісі басқармасы медициналық орталығының мамандары Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Шымкентке ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Мамандар, алдымен қалалық №1 клиникалық аурухананы аралап, консультациялық-диагностикалық бөлімше және операциялық блоктың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ делегация Шымкент қаласындағы №2 аурухананың жоспарлы хирургия, диагностика және инсульт орталығын аралады. ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы А.Цой аурухананың мүмкіндігін жоғары бағалап, ота жасалған науқастардың жағдайымен танысты.

Айта кетейік, ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Орталық клиникалық аурухананың 25 жетекші маманы Шымкентте 21 ақпаннан бастап 150-ден астам науқасқа кеңес беріп, 16 күрделі отаға қатысты.