Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде кітапханашыларға арналған «Колледж кітапханасы: Жаңа үрдістер мен жаңа құзыреттіліктер» атты семинар өтіп жатыр. Бағдарлама кітапханалардың жұмысын жетілдіруге көмектеседі. Семинар бағдарламасына кітаптарды онлайн форматқа көшіру және оқу процесін жақсарту секілді мәселелер енгізілген.
Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің кітапханасында екі жүзге жуық кітап электронды форматқа көшті. Енді студенттерге оқу әдебиеттері ұялы телефон немесе планшетте кез келген уақытта қол жетімді. Тек кьюаркодты сканерлеп, қажетті кітапты жүктесе болғаны.
Ғалия Хакімова, «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі» кітапханасының меңгерушісі: «Бүгінгі іс-шараның мақсаты — колледж кітапханаларының жұмысын жетілдіру, тәжірибе алмасу, тың идеялармен бөлісу. Бұл жұмыс шеберханасы, колледж кітапханашыларына арналған воркшоп деуге де болады».
Шымкент колледждерінің барлық кітапханалары смартнейшн платформасында жұмыс істейді. Негізгі идея – қағаз ресурстарын электрондық форматқа көшіру. Бұл оқу процесін оңтайландыру үшін жасалған. Кітапханашы Ғалия Сеитқызы, кітап қоймалары бүгінгі таңда да қажет екенін айтады.
Ғалия Хакімова, «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі» кітапханасының меңгерушісі: «Кітапхана әрқашан қажет, оның үстіне біз интернет арқылы алатын ақпараттық ресурстарды дәстүрлі ресурстарға қарсы қоймаймыз. Біз, керісінше, дәстүрлі ресурстар – яғни кітапханаларымыздың қағаз ресурсын ғаламторға орналастырамыз».
Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры кітапханалардың міндеті – оқырман жастарды тәрбиелеу, кітаптармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін көрсету, сондай-ақ, балаларды оқу-әдістемелік және электрондық құралдармен қамтамасыз ету екенін айтады. Сөзінше, жастарға кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту үшін әдебиеттің не үшін қажет екенін түсіндіру керек.
Гүлнара Ибрагимова, «Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің» директоры:
«Біріншіден, кез – келген адам, қандай мамандық иесі болса да, сөйлей білуі керек. Сөйлеу қабілеті кітаптардан, журнал және газеттерден алынады. Ең алдымен, сөйлей білу үшін — оқи білу керек. Сөз өрнектері, нақыл сөздер, сөз тіркестері – мұның бәрі әдебиеттен алынады.»
Кітапханалар оқу құралдары үнемі жаңартылып отыратындықтан, мұндағы кітап қоры жыл сайын толықтырылады. Сонымен қатар, колледждерге академиялық еркіндік берілді. Яғни, оқу орындары студенттерге арналған пәндер мен модульдерді өздері таңдай алады. Ал кітапханалардың мақсаты-студенттерді барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ету.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, 8 март көшесі 22
Тел: 8 7252 50 61 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj