Шымкентте 3332 авто заңдастырылды

17

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша 7505 азамат жүгінді.

3332 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның ішінде 2574-Ресей Федерациясының көлігі болса, 529-Армения, 66-Грузия, 1-Белорусия, 7-Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 46-Қырғызстан, 2-Литва, 6- Корея, 1-АҚШ елдеріне тиесілі.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.