Úı ANONS Сотталған інісін түрмеден шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған

Сотталған інісін түрмеден шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған

Алаяқтық жасағаны үшін сотталушы сот залынан қамауға алынды. Сотта Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі ҚК) 190 бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Созақ аудандық соты хабарлады.

Сотта анықталғандай, сотталушы Н. жәбірленуші Г-ның телефонына хабарласып «сотталған ініңді бас бостандығынан айыру мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде шығарып бере аламын»-деп, өзінің мүмкіндіктеріне кірмейтін жалған ақпарат айтып 1 800 000 теңгесін жымқырған.
Сотталушы тарап жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын қайтармаған.
Сот үкімімен сотталушы Н. ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.