Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум түзілді. Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт.
Бағаның өсуі анықталған жағдайда дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі. Бұдан бөлек, азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында орталықта 13 әлеуметтік дүкен және 27 сауда орнында «Әлеуметтік бұрыш» ашылған. Жалпы, Түркістан қаласында барлығы 25 ірі супермаркет, 3 көтерме сауда орны және 187 дүкен жұмыс істейді.