Заңсыз 20 мың бөтелке ішімдік тәркіленді

28

Шымкенте акцизсіз темекі мен алкоголь өнімін саудалағын 12 қылмыстық іс анықталды. Олардан 16 мың темекі мен 20 мыңнан аса ішімдік тәркіленіп алынған. Қазіргі таңда заңсыз өндірілген заттар жойылып жатыр. Ал 12 мың литр спирт медициналық мекемелерге өткізілді.

 

Шымкентте өткен жылы заңсыз алкогольді сусын сатқан 12 қылмыстық іс тіркелген. Олардан 20 мыңнан аса ішімдік, 12 мың литр спирт өнімі мен 29 мың бос бөтелке тәркіленді. Бұл өнімдер ешқандай тіркеуден өтпестен үй жағдайында дайындалып, сатылымға шығарылған. Салдарынан бірнеше адам уланып, 10 тұрғын қайтыс болған.

Камалхан Исмаилов, Шымкент қаласы бойынша ЭТТД басқарма басшысы: «Сурагатты ішімдік өнімдерінен 2021 жылы 15 адам қайтыс болған, 2022 жылы 10 адам қайтыс болған. Шымкент қалалық емханаларына жыл сайын 500- дей адам уланып ем қабылдайды. Этанолдан улану дерегі бойынша».

Шымкентте сот шешімімен контрабандалық 16 мың темекі өнімі жойылып жатыр. Оларды 3 кәсіпкер заңсыз түрде саудалағаны белгілі болды. Мамандар тексеру барысында 20 түрлі акцизсіз өнімді базарлардың бірінде тәркілеген.

Мейрам Мұхтаров, Шымкент қалалық әділет департаменті мемлекеттік сот орындаушыларының бөлім басшысы: «Темекі өнімдерін сатумен айналысқан азаматтарға байланысты сот үкімі шықты. Үкімде көрсетілгендей 41 145 қораптағы 20 маркалы темекі өнімін сатумен айналысқан. Азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Және оларға 6 млн. 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды».

Акцизсіз өнім өндірген бизнес иелері мемлекетке 20 млн. теңге көлемінде шығын келтірген. Ал олардан заттай айғақ ретінде алынған спирт мемлекет есебіне өткізілді. Айта кетейік, заңды белшеден басқандарға сот айыппұл салу, бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданған.