Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бруцеллез шыққан шаруашылыққа шектеу қойылды. Яғни, сыртқа мал тасымалдауға, әкелуге, ет, сүт және сиырдың басқа өнімдерін саудалауға болмайды. Бұған дейін осы шаруашылықтағы 36 сиырдан бруцеллез табылған.
Ауру малдың бәрі сойылып, етінен сегіз сынама алынып әрі қарай терең зерттеуге жіберілген. Соның біреуінен бурцеллез таяқшасы табылды. Енді шектеу шараларын алып тастау үшін облыстағы эпизотикалық жасақ сауықтыру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Оның үш тәсілі бар. Бірінші — екі апта сайын малдан қан алынып тексеріп отыру. Екіншісі — ауру шыққан жердегі малды түгел етке өткізу. Үшіншісі – табындағы түліктің бәріне вакцина егу.
Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары: «Шаруашылық сол үшінші жолмен сауықтырамыз деген өздерінің жоспарлары бар. 15-20 күн ішінде қан алып болғасын іле вакцина егіледі. Сонда 20 күннің арасында сауықтырылады».