Úı ANONS Жыл басынан бері 1200-ден астам заңсыз қаруды тәркіленді

Жыл басынан бері 1200-ден астам заңсыз қаруды тәркіленді

фото ІІМ

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті нығайту және заңсыз қару айналымын тоқтату бойынша кешенді шараларды жалғастыруда.

     Биыл бес айда «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында қылмыстық айналымдағы 1200-ден астам қару тәркіленді, оның ішінде:

  • 18 автомат;
  • екі гранатаатқыш;
  • 320-дан астам тапанша;
  • 100-ден астам ойық ұңғылы қару;
  • 700 тегіс ұңғылы мылтық;
  • қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару да бар.

— Мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленді. Олардың арасында қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды.

Сонымен қатар 20 сәуірден бастап жыл соңына дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде. Бүгінгі күні азаматтар шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні ерікті түрде тапсырды.

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Азаматтарды сақтауға заңды негіз жоқ қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырамыз, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.